АНА МЕНІ АЛДЫРЫП ТАСТАМАШЫ н/е ЖАТЫРДАҒЫ СӘБИ СӨЗІ!!!
(Жеке қиялымнан шыққан туынды, бірақ расыменде ол бейкүнә сәбилердің санасында осындай сөздер туындауы мүмкін! Бұл өлең жолдары кей апке-қарындастарымызды ойландырар деген үміттемін!)
*Үш ай болды жатырыңды паналадым!
Жетілді бет-келбетім, саналарым!
Жүрегім енді дүрсіл қаққанында,
Алдырып тастамашы Анажаным!
*Алдырып тастаймын деп қыйнасаңыз,
Айналдырып құнсыздау жәдігерге!
Егерде жарық өмір сыйласаңыз,
Уәде берем, салмаймын әбігерге!
*Жемісінің рахатын көру үшін,
Алдыменен себілмейме дәні жерге!
Менде сенің дәніңмін...
Көму үшін,
Бармайақ қой өтініш дәрігерге!
*Жыламашы Маматай, күлімдеші.
Жансыз жатқан санама үрім берші!
Тым болмаса "өмірге келгеннен соң
Шетінеген" сәбидің күнін берші!
*Алақанның жылуын сезетіндей,
Сырттай болсын сипалап, "гүлім"-деші!
Мені Ана тірідей алып тастап.
Қылмыскер атағына ілінбеші!
*Мен не сонда әлемге сыймаймынба!?
Сыямын-ау!?
Қазақта жер жетімді!
Өмірге келсем сені қыйнаймынба?
Өкіндіріп басардай шел бетіңді!
Өмірге келсем күлкі сыйлаймында,
Бақытты етем, жамаймын кем-кетімді!
Көрмесемде, жылауға қыймаймын да,
Анажан күліп тұрған келбетіңді!
*Уайымыңба "асырауға тиын керек,
Ауқат керек, ас керек, киім керек"!
"Бір қозыға бір жусан артық шығар"
Сол үшінде несібем, сиым бөлек!
*Сен мұншалық тасжүрек Ана болсаң,
Түн ұзаққа отырып жыламас ең!
Не істесем болады ақыл бер деп,
Жаратқаннан жалынып, сұрамас ең!
*Анашым келбетімді көрмей жатып
Алдырып тастамашы жалынамын!
Бұл не сұмдық өмірге келмей жатып,
Қайғы-мұңға белшемнен малынамын!
*Алып тастау сен үшін оңай болса!
Ал мен сені көрмесемде сағынамын!
Ана сенің шешімің солай болса,
Қарсы айтар уәжім жоқ...
Бағынамын!